Фото: видео скриншот

Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда бірге жүрген видео тарады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Бокс аңызы Геннадий Головкин мен ережесіз жекпе-жектің жұлдызы Шавкат Рахмонов Көкшетау қаласында жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

««Қазақтың Шавкаты өңірімізге қош келдіңіз», — делінген видео мазмұнында.»

Айтулы шарада еліміздің бас прокуроры Берік Асылов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев сондай-ақ, басқа да шенділер бой көрсетті.