Газа секторындағы кем дегенде 1,1 миллион адамның азық-түлік қоры таусылған. Оларға алапат ашаршылық қаупі төніп тұр. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте Газа мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Әлемнің азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жетекші сарапшыларының пікірінше, Газаның солтүстігінде ашаршылық болады.
«– Газадағы барлық палестиналықтардың жартысынан көбі, яғни 1,1 миллион адамның азық-түлік қоры таусылды, бұл алапат ашаршылық қаупін төндірді. Мәліметке сүйенсек, Газадағы палестиналықтар өте азапты күндерді бастан кешіріп жатыр, – деді Гутерриш.»
—
Сонымен бірге Гутерриш мұның толығымен техногендік апат екенін және оны тоқтатуға болатынын баса айтты.
«– Мен Израиль үкіметін Газаға гуманитарлық жүктің толық және кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуге, ал халықаралық қауымдастықты біздің гуманитарлық көмегімізді жан-жақты қолдауға шақырамын, – деп аяқтады Гутерриш.»
—