Англия құрамасы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында Хорватияны 4:2 есебімен жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Матчтың 12-минутында Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн пенальтиді сәтті орындады. 36-минутта Хорватия командасының жартылай қорғаушысы Мартин Батурина есепті теңестірді. 42-минутта Кейн дубль жасап, ағылшындарды алға шығарды. 45+5-минутта хорват шабуылшысы Петар Муса есепті қайта теңестірді. 47-минутта жартылай қорғаушы Джуд Беллингем Англияны қайта алға шығарды. 85-минутта шабуылшы Маркус Рашфорд Англияның төртінші голын соғып, ойынның соңғы есебін белгіледі — 4:2.
Осылайша Англия алғашқы үш ұпайын жинап, L тобын бастады.
L тобының 2-турында ағылшын ұлттық командасы Ганамен (23 маусым), 3-турда Панамамен (28 маусым) кездеседі. Хорватия 2-турда Панамамен (24 маусым), 3-турда Ганамен (28 маусым) ойнайды.
Бұған дейін «Курсив» Португалияның 2026 жылғы әлем чемпионатының басында ДР Конгоны жеңе алмағанын жазған болатын. Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турында ДР Конгомен 1:1 есебімен тең ойнады. Голдарды Жоау Невеш пен Йоан Висса соқты.
