Рэпер Ганвест 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалынан кейін бір түнде долларлық миллионер атанғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық әртіс Испания құрамасының жеңісіне 100 миллион рубль (шамамен 600 миллион теңге) ставка жасаған. Кейін ол ставкаға тағы 10 миллион рубль қосқан. Музыканттың айтуынша, испандықтардың қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіске жетуінен кейін оның ұтысы 180 миллион рубльден (1 миллиард теңгеден астам) асқан.
Ганвест өзінің әлеуметтік желілерінде ставкалардың скриншоттарын, матчты көрген бардан видео жариялап, жеңісті эмоционалды түрде атап өтті. Ол «180 миллионнан астам залутағанын» айтып, өзін долларлық миллионер деп атады.
Сондай-ақ рэпер әнші Лариса Долинаның пәтерін сатып алуға болатынын әзілдеп айтты. Долинаның пәтері ірі алаяқтық дауынан кейін шамамен 200 миллион рубльге сатылымға қойылған. Кейін ол Майамиге көшуді де қарастырып жатқанын қосқан.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Никулин аудандық сотының Ганвест (шын аты — Руслан Гоминов) туралы үкім шығарғанын жазған болатын. Музыкант әлеуметтік желілердегі шығармашылығы арқылы нашақорлықты насихаттағаны үшін кінәлі деп танылды.
