G7 елдерінің көшбасшылары Қытайға стратегиялық шикізат импорты бойынша тәуелділікті азайту мәселесін талқылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында G7 мүшелері Қытайдың сирек жер металдары мен басқа да маңызды минералдар нарығындағы үстемдігін ескере отырып, өздерінің экономикалық қауіпсіздігін нығайту жолдарын қарастырды. Тараптар әртараптандыру шараларын, соның ішінде жаңа кен орындарын игеру мен қайта өңдеу технологияларын дамытуды талқылады.