Француз ұшағы Латвия әуе кеңістігінде дронды атып түсірді

Reuters агенттігінің хабарлауынша, НАТО миссиясын орындап жүрген француз әскери ұшағы Латвия әуе кеңістігінде дронды атып түсірді. Бұл туралы Латвия армиясы мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2026 жылдың 8 маусымында болған. Ұшақ НАТО-ның Балтық елдеріндегі әуе патрульдік миссиясы аясында әрекет еткен. Дронның тиесілігі мен мақсаты әзірге белгісіз.

Латвия армиясының өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын жеткізді. Бұл НАТО-ның шығыс қанатындағы шиеленістің артқанын көрсетеді.