Француз миллиардері Ксавье Нил $6 миллиардтық мәміле аясында британдық телекоммуникациялық Vodafone компаниясының ең ірі акционері атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нилдің инвестициясы Vodafone акцияларының бағамын көтерді. Бұл қадам еуропалық телекоммуникация нарығындағы ірі өзгерістердің бірі болып отыр.