Францияның оңтүстігіндегі Помас ауылында болған торнадо 39 адамды жарақаттап, 300-ге жуық үйді қиратты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, торнадо дүйсенбі күні Помас ауылын шарпып, ондаған адам жарақат алған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастыруда, өйткені ауыл қираған.

Жергілікті әкімдік өкілінің орынбасары Мари-Элен Буиссактың айтуынша, барлығы 39 адам жарақаттанған, оның екеуі ауыр жағдайда. Әзірге хабар-ошсыз кеткендер тіркелмеген.

Торнадо салдарынан 300-ге жуық үй зақымданған, тұрғындарды орналастыру үшін апаттық орталықтар ашылған. Аймақта сол кезде найзағай туралы ескерту жарияланған болатын.