Францияда сыныптардың толып кетуі мен мұғалімдер тапшылығына байланысты мектеп наразылықтары тарады, жүздеген адам ұсталып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Наразылықтар өткен аптада Парижде басталып, Дижон, Лион, Страсбург, Лилль және Марсель қалаларына тарады. Онда жасөспірімдер мектептерін бірнеше күн бойы блокадаға алды.
BBC-нің Париждегі тілшісі Хью Скофилд наразылықтар екінші аптаға жалғасқан кезде Парижде болды.
