Францияда өткен айлардағы көрсеткіштермен салыстырғанда аптап ыстық кезінде шамамен 1000-ға артық өлім тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарттар үйлері мен жеке тұрғын үйлердегі өлім-жітімге қатысты қосымша ақпарат түскен кезде бұл көрсеткіш өседі деп күтілуде. Өсім соңғы бірнеше күнде ауа райының қызыл дабылы жарияланған аймақтарда тіркелді.
Маусым айының ортасында Еуропаны шарпыған аптап ыстық температура рекордын жаңартты. Бірқатар елде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, ал кей жерде одан да асып түсті.
