Францияда аптап ыстықтан құтылуға тырысқан 20-ға жуық адам суға батып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ыстық толқын кезінде адамдар салқындау үшін суға түскен, алайда қайғылы оқиға болған. Құтқарушылар бірнеше адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Билік азаматтарды сақ болуға шақырып, ыстық ауа райында суға түсу ережелерін сақтауды ескертті.