Францияда екі ағайынды әртүрлі елдерден келген 17 мыңнан астам әйел мен қыздың ұрланған интимдік суреттерін сататын сайтты басқарды деп күдікке ілікті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Париж прокуроры Лор Бекконың ақпараты бойынша, 21 және 25 жастағы ағайындылар 6 қазанда елдің солтүстігінде ұсталды. Тергеу барысында олардан 700 мың еуроны — шамамен 782,5 мың долларды құрайтын криптовалюта тәркіленді. Француз тергеушілеріне АҚШ полициясы мен сот органдары көмектесті.

Прокуратураның деректеріне сәйкес, NudeLeaksTeens сайтында интимдік фотосуреттер мен басқа да материалдардың «пакеттері» сатылған. Оларды әртүрлі тәсілдермен алған: әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, жәбірленушілерге сенімге кіріп, жыныстық қанау мақсатында пайдаланған немесе адамнан кек алу үшін оның келісімінсіз біреу жариялаған суреттерді қолданған.

Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Сайт қолданушыларға суреттердегі әйелдер мен қыздардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректер үшін криптовалюта да ұсынылған.

Лор Бекко зардап шеккендерді Францияның киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесіне жүгінуге шақырды.

Бұған дейін «Курсив» қазақстандықтардың интимдік фотосуреттер мен бейнелерді жібергені үшін жазаланатынын жазған болатын.