Франция билігі криптовалюталық болжам нарығы Polymarket-ке кіруді бұғаттады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Polymarket — пайдаланушыларға әртүрлі оқиғалардың нәтижелеріне ставка жасауға мүмкіндік беретін децентрализацияланған платформа. Францияның қаржылық реттеушісі бұл сайттың заңсыз құмар ойындар ұсынатынын айтып, оған қол жеткізуді шектеді.