Франция, Бельгия және Нидерландтағы аптап ыстық салдарынан кемінде 3700 артық өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аптап ыстық осы үш елдегі халықтың денсаулығына ауыр әсер етті. Артық өлім саны әдеттегі кезеңмен салыстырғанда күрт өскен. Мамандар мұндай жағдайлардың климаттың өзгеруіне байланысты жиілеп келе жатқанын атап өтеді.