Forte Bank бизнесмен Болат Өтемұратовтың банкі өзінің еншілес Home Credit Bank-ін докапитализациялайды. Атап айтқанда, еншілес банк 1300 жай акцияны 10 млрд теңгеге жуық сомаға орналастырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір бағалы қағаздың орналастыру бағасы 7,69 млн теңге деңгейінде белгіленген. 1300 қағаздың жарияланған көлеміне сәйкес, банк капиталына тартылатын қаржыландырудың жалпы сомасы 10 млрд теңгеге жуық болады.
Қағаздар мажоритарлық акционердің басым сатып алу құқығы арқылы белгіленген баға бойынша сатылатын болады.
Қаржыгер Арман Батаевтың пікірінше, өтімділік және жинақталған пайда тұрғысынан банк ақша қажет ететін ұйымға ұқсамайды.
Ұлттық банктің 2026 жылғы 1 мамырдағы деректері бойынша, Forte активтері 4,97 трлн теңгені, міндеттемелері 4,15 трлн теңгені, меншікті капиталы 825 млрд теңгені құрайды. Банк сәуір айында 6,3 млрд теңге, ал жыл басынан бері 39 млрд теңге табыс тапты. Home Credit активтері 1,35 трлн теңге, міндеттемелері 1,1 трлн теңге, меншікті капиталы 246,1 млрд теңге. Банк сәуір айында 1,6 млрд теңге таза пайда алды, жыл басынан бері жинақталған пайда 10,3 млрд теңгені құрайды.
Бұған дейін банк бірқатар депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша кірістілікті төмендеткен болатын.
Forte бұған дейін 2026 жылғы 12 мамырда Директорлар кеңесі 4 168 359 147 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған. Шешім бизнесті одан әрі дамыту, қызмет ауқымын кеңейту және капитал базасын нығайту мақсатында қабылданды.
2025 жылдың соңында ForteBank еуропалық акционерлерден қазақстандық Home Credit Bank-тің 100% акциясын 273 млрд теңгеге толығымен сатып алған болатын.
