Алматы халықаралық әуежайы Flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жүк бағытының ашылуына орай салтанатты рәсім ұйымдастырылып, әуе кемесі авиациядағы дәстүрлі су аркасымен қарсы алынды.

Бұл бағыт бойынша жүк рейстері Boeing 737 ұшақтарымен аптасына бір рет орындалады.

"Жаңа бағыт Орталық Азия мен Таяу Шығыстың маңызды көлік-логистикалық орталықтары саналатын Алматы мен Дубай арасында тікелей әуе жүк қатынасын қамтамасыз етеді", – деп хабарлады Көлік министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, тұрақты жүк рейстерінің ашылуы экспорттық-импорттық тасымалдарды дамытуға, логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндік береді.