Флорида штатының Помпано-Бич қаласында орналасқан мұражай АҚШ-тағы тек медузаларға арналған алғашқы мұражай болып саналады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұражай неон шамдарымен және таңғажайып тіршілік иелерімен келушілерді өзіне тартады. Медузалар — мұхиттарда 500 миллион жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келе жатқан ежелгі теңіз жануарлары, олар динозаврлар мен ағаштардан да бұрын пайда болған.

Шамамен 10 000 шаршы фут (900 шаршы метр) аумақты алып жатқан мұражайда 20-ға жуық бірегей түр мен 21 түрлі дисплей аквариумы орналасқан. Мұражайды украиналық аквариум әзірлеушілер негізін қалаған.