АҚШ Ұлттық дауыл орталығы алдағы 48 сағат ішінде Флорида маңында циклон пайда болу ықтималдығы 80% екенін хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжамынша, циклонның қалыптасуына қолайлы жағдайлар бар. Аймақтағы тұрғындар мен билік өкілдері дауылға дайындық шараларын қабылдауда.