Осы жазда Финляндияда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің Украина делегациясымен құпия кездесуі өтуге тиіс болған, алайда кездесу соңғы сәтте тоқтатылған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы финляндиялық Ilta-Sanomat газеті жазды. «Финляндияда Украина мәселесіне қатысты құпия кездесу жоспарланған, оған Трамптың арнайы өкілдері келуге тиіс болған», — делінген мақалада.
Басылымның мәліметінше, кездесуде бейбіт бастамаларды талқылау жоспарланған, кейін оларды Ресей президенті Владимир Путинге ұсыну көзделген. Атап айтқанда, Зеленский шілде айының соңында Уиткофф және Кушнермен телефон арқылы сөйлескен кезде осы кездесуді талқылаған.
Газеттің нақтылауынша, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс шиеленіскен тұста келіссөз соңғы сәтте тоқтатылған.
Қазан айында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффқа Ресейдің Украина мәселесі бойынша үшжақты форматтағы келіссөзді қараша айының алғашқы онкүндігінде қайта бастауға дайын екенін хабарлаған.
Өткен сейсенбіде Ослода Украинадағы жағдайды реттеу мәселесі бойынша көпжақты келіссөз өтті. Оған Украина басшысы Владимир Зеленский, Финляндия президенті Александр Стубб, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре және Стив Уиткофф қатысты. Ал АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер келіссөзге онлайн қосылды.
Келесі күні Санкт-Петербургте Владимир Путин мен Стив Уиткоффтың кездесуі өтті. Путин АҚШ президентінің арнайы өкіліне Мәскеудің Украина мәселесі бойынша үшжақты форматтағы келіссөзді қараша айының алғашқы онкүндігінде қайта бастауға дайын екенін хабарлаған.
