Финляндия президенті Александр Стубб Украина бойынша бейбіт келіссөзде Еуропаның негізгі өкілі болудан бас тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Жоқ, мұндай жағдайдың болуы екіталай", — деді ол Politico басылымына берген сұхбатында.
Саясаткердің пікірінше, келіссөз процесінде Еуропа тарапынан бірнеше өкіл болады, ал өзі оған тек көмек көрсетеді.
Еске сала кетейік, мемлекет және үкімет басшылары Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылайтыны хабарланған болатын.
