Филиппиннің оңтүстігіндегі орта мектепте болған атыс салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 18 тамызда болды. Құрбандардың саны мен мән-жайы туралы толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.