Маниладағы қоқысқа толған өзенде жұмысшылар күндер бойы жауған қатты жаңбырдан кейін шайылып келген қалдықтарды жинап жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тропикалық дауылдармен күшейген тоғыз күндік нөсер кейбір аймақтарда бір айлық жауын-шашын мөлшеріне тең болды. Бұл Лусон аралының негізгі бөлігінде мектептер мен мемлекеттік мекемелердің жабылуына және астанада су тасқынына әкелді.
Құтқарушылардың сәрсенбідегі мәлімдемесінше, жаңбырдан туындаған су тасқыны, көшкіндер мен апаттар Филиппиннің солтүстігінде кемінде 16 адамның өмірін қиды.
