Филиппиндерде 7,8 балдық жер сілкінісі болды
Филиппиндердің оңтүстігіндегі Минданао аралында 7,8 балдық күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан маңызды жағалау қаласында ғимараттар зақымданып, электр жарығы сөнді. Цунами қаупіне байланысты тұрғындар биік жерге көшуге шақырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі 2026 жылдың 8 маусымында, дүйсенбі күні таңертең болды. Генерал-Сантос қаласында ғимараттардың сынықтары мен шаң-тозаң көтерілгені бейнежазбада көрсетілген. Сондай-ақ, көліктер сынықтардың астында қалған. Жапония Метеорологиялық Агенттігінің өкілі Токиодағы баспасөз мәслихатында цунами туралы ескерту жасады.
Құрбандар мен залал туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Билік адамдарды қауіпсіз жерге көшуге шақырды.
