Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралының жағалауында магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Дигос қаласындағы мектепте оқушылардың айғайлаған дауысы естіліп, ашық алаңның шатыры құлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп Facebook-тегі мәлімдемесінде ешкімнің жарақат алмағанын растап, қызметкерлер мен оқушыларға «жағдай бойынша сабырлы және тәртіпті болғаны үшін» алғыс білдірді.

Филиппиннің басқа аймақтарында кем дегенде 32 адам қаза тапты. Ұлттық төтенше жағдайлар агенттігі әртүрлі жергілікті дереккөздерден келген мәліметтерді жинақтап, тексереді, сондықтан құрбандар саны әлі нақтылануы мүмкін.

Алғашқы жер сілкінісінен кейін магнитудасы 1,3-тен 6,7-ге дейінгі 130-дан астам күштік дүмпу тіркелді.