АҚШ федералды судьясы Филадельфия қаласының иммиграциялық полиция (ICE) агенттеріне маска киюге тыйым салатын заңын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот шешімі бойынша, қаланың «ICE Out» деп аталатын заңы федералды құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Судья заңның федералды заңнамаға қайшы келетінін және оны қолдануға болмайтынын атап өтті.

Бұл шешім Филадельфия әкімшілігі мен федералды билік арасындағы құқықтық дау аясында қабылданды. Қала билігі заңды иммигранттардың құқығын қорғау үшін қабылдағанын мәлімдеген болатын.