Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары-2026» жарысында фиджитал-биден Аргентиналық биші Франко Витали чемпион атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Франко Витали финалда Испаниядан келген қарсыласын жеңді. Қатысушылар Just Dance ойынындағы би қимылдарын қайталады, ал арнайы алгоритмдер олардың өнерін дәлдік, стиль және ырғақты сезіну көрсеткіштері бойынша бағалады.
Франконың айтуынша, ол Just Dance ойынын 9 жасынан бастап ойнайды, ал 16 жасынан бастап жарыстарға қатысып келеді. Оның сөзінше, ол келесі «Болашақ ойындарына» да қатысуды жоспарлап отыр.
Қазақстан «Болашақ ойындарын» үшінші болып өткізіп жатыр. Алғашқы жарыс 2024 жылы Қазанда, екіншісі 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.
