Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Еуропалық одақтың жаңа несиесі Украинадағы қақтығысты ұзаққа созатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазан айының ортасында Брюссельде өткен еуропалық көшбасшылар кездесуінің қорытындысы бойынша Словакия премьер-министрі Владимир Зеленский Еуропалық одақтан 2027 жылы әскери шығындарды жабу үшін тағы 70 миллиард еуро сұрағанын айтты. Ол Словакия мұндай көмекке қатыса алмайтынын мәлімдеген болатын.
«Қазір Украина үшін 70 миллиардқа жаңа несие бар. Мен бұл мүмкіндікті пайдаланып, Словакия оған қатысқысы келмейтінін тағы да айтамын, өйткені бұл әскери қақтығыстың одан әрі созылуына әкеледі, оның әскери шешімі жоқ», — деді Фицо сенбіде Словакияның TA3 телеарнасында.
Ол Еуропалық одақтың Украинадағы қақтығысты реттеу жоспары жоқ екеніне өкініш білдірді.
