АҚШ Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) қытайлық байланысы бар американдық компанияға телекоммуникация қызметін көрсетуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
FCC шешімі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қабылданды. Компанияның атауы мен қосымша мәліметтер әзірге жарияланбады.
