АҚШ Федералдық байланыс комиссиясының (FCC) комиссары Дональд Трамптың ABC және NBC телеарналарының лицензияларын алу туралы шақыруын конституцияға қайшы деп атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссардың пікірінше, мұндай әрекет АҚШ Конституциясындағы сөз бостандығына кепілдік беретін Бірінші түзетуге қайшы келеді. Ол Трамптың шақыруын саяси қысым ретінде бағалап, FCC-ның бейтараптығын сақтау қажеттігін атап өтті.