Ұлттық статистика комитеті Қазақстанның қай өңірінде фастфуд бағасы қымбаттағаны туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Статистика мамандарының айтуынша, 2026 жылдың тамызында фастфуд қызметтерінің бағасы бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 10,2%-ға өсті. Бір ай ішінде баға Түркістан облысында 1,2%-ға өсті. Қалған өңірлерде баға өзгерген жоқ.
Жылдық өсім көрсеткіштері
Бір жыл ішінде бағаның ең жоғары өсуін Ақтөбе (23,0%) және Ақмола (16,2%) облыстарының, Павлодар (15,7%), Түркістан (15,5%) және Атырау (13,6%) облыстарының тұрғындары сезінді. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (1,4%) және Қарағанды (4,0%) облыстарында тіркелді.
Бұл деректер Ұлттық статистика комитетінің ресми хабарламасына негізделген.
