Соңғы үш жылда қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оң динамика 2026 жылы да жалғасып жатыр: бірінші жартыжылдықта 126,6 млрд теңгенің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.

Өндірушілер саны

Қазақстанда 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші жұмыс істейді. Оның ішінде 43-і дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын. Отандық өнімнің үлесі заттай түрде 40,3%-ға жетті.

Инвестициялар

Фармацевтика өнеркәсібіне инвестициялар 2025 жылы 56%-ға өсіп, $142,8 млн-ға жетті. Жалпы құны 391,3 млрд теңге болатын фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа жобалар

Оларды іске қосу онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 494-тен астам дәрілік заттарды шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорындар Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Қарағанды облыстарында пайда болмақ. 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.