АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) Boeing компаниясына 737 MAX және 787 Dreamliner ұшақтарына сертификаттау өкілеттігін қайтарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешім Boeing-тің өндіріс сапасын бақылау жүйесін жетілдіруінен кейін қабылданды. FAA бұған дейін 2024 жылы екі апаттан кейін сертификаттау құқығын тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта Boeing өз өндіріс процестеріндегі кемшіліктерді жойып, FAA талаптарына сәйкес келетінін дәлелдеді.