Exxon Mobil компаниясы мұнай бағасының өсуі есебінен екінші тоқсанда пайданың айтарлықтай артқанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның болжамы бойынша, жоғары мұнай бағасы оның қаржылық көрсеткіштеріне оң әсер етті. Нақты сандар әлі жарияланбағанымен, Exxon екінші тоқсандағы пайданың алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болатынын айтты.
