Еуропалықтардың жартысынан азы Украинаның Еуропалық Одаққа мерзімінен бұрын қосылуын қолдайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
DPA ақпарат агенттігі Германиядағы "Бертельсманн" қорының зерттеуіне сілтеме жасай отырып, ЕО азаматтарының 47%-ы Украинаның алдағы жылдары одаққа қабылдануын қолдауға дайын екенін, ал 53%-ы бұл идеяны құптамайтынын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
ЕО-ның ең ірі он елінің ішінде Германия тұрғындары Украинаның одаққа мүше болуына қатысты ең үлкен күмәнмен қарайды. Неміс азаматтарының тек 41%-ы ғана елдің блокқа жедел қосылуын қолдайды.
Қордың 2022 жылғы зерттеуі сол кезде неміс халқы арасында бұл көрсеткіштің 60%-ды құрағанын көрсеткен болатын.
Румынияда Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдау деңгейі төменірек болып, респонденттердің 40%-ын құрады.
Қор деректеріне сәйкес, шведтердің 69%-ы Украинаның ЕО-ға жедел қосылуын қолдайды. Bertelsmann мәліметінше, бұл – ірі еуропалық елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ, украиналықтардың 83%-ы Украинаның алдағы жылдары Еуропалық Одаққа қосылатынына сенім білдіреді.
Зерттеуге ЕО-ның барлық елдерінен 16 800 тұрғын қатысты. Агенттік зерттеу мерзімдері немесе статистикалық қателік шегіне қатысты нақты деректерді ұсынған жоқ.
