Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке барғанын хабарлап, Еуроодақ пен Украинаның қорғаныс өнеркәсібін біріктіруге бағытталған жаңа бастамаларды жариялайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қақтығыс басталғалы бері Украинаға 11-рет келіп отырмын», – деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, сапар барысында Еуроодақ пен Украинаның қорғаныс өнеркәсібін ықпалдастыруға қатысты жаңа бастамалар таныстырылады.

«Сонымен қатар Украинаның Еуроодаққа қосылуы және қыс маусымына дайындық мәселелерін талқылаймыз», – деді ол.