Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта дүйсенбі күні Киевке барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Украинаға Еуропалық одақ тарапынан көрсетілетін одан әрі қолдауды талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде хабарлады.
"Жаңа ғана Украинаның Тәуелсіздік күнінің 35 жылдығына орай Киевке келдім. Мен мұнда Еуроодақтың өзгермейтін қолдауын атап көрсету үшін келдім", - деп жазды Кошта.
Сапар дүйсенбі күні Еуропалық комиссияның Украинаға қару-жарақ, оның ішінде әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін, зымырандарды, оқ-дәрілерді және радарларды сатып алуға қосымша 6,1 миллиард еуро бөлу туралы шешімді мақұлдауымен тұспа-тұс келіп отыр.
