Еуропадағы қатты ыстық толқын салдарынан температура 40°C-тан асып, Францияда үш адам қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ыстық толқын Еуропаның бірнеше елдерін қамтып, рекордтық температура тіркелді. Франциядағы үш өлім жағдайы ыстыққа байланысты болуы мүмкін деп хабарланады. Билік азаматтарды сақ болуға және қажетсіз шығулардан аулақ болуға шақырды.