Еуропада орман өрттері мен экстремалды ыстықтың салдарынан келтірілген шығын есептелді. Франция, Испания, Португалия, Грекия және Румынияда бұл апаттар кемінде 3,1 млрд еуро шығын келтірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Орман өрттері маусымының алғашқы екі айында осы бес еуропалық елдің аумағында жарты миллион гектарға жуық жер өртенді. Financial Times өз есептеулерінде Еурокомиссия қолданатын әдістемені негізге алған. Бұл әдістеме өртенген аумақтарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды көрсетеді.
Алайда, басылымның атап өтуінше, жалпы шығын әлдеқайда жоғары болады, өйткені сақтандыру компаниялары, үй шаруашылықтары мен кәсіпорындар мүліктің зақымдануы, егіннің жойылуы және туристік сектордағы шығындарды әлі де есептеп жатыр. Сонымен қатар, Financial Times есептеулерінде Грекиядағы соңғы өрттердің шығыны толық ескерілмеген және ЕО-ның басқа елдері бойынша деректер қамтылмаған.
Басылым сондай-ақ Еуропадағы қуаңшылықтан болатын экономикалық шығындарды және Рейн мен Дунай өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуін атап өтеді. Бұл жүк тасымалын бұзады және өндіріс көлемінің қысқаруына әкеледі.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда тәулігіне 13 орман өрті тіркелетінін жазған болатын.
