Францияда Еуропадағы ең үлкен көппәтерлі тұрғын үй 3D-принтерде басылып салынды. 12 пәтері бар ғимарат небәрі 34 жұмыс күнінде тұрғызылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба Шампань аймағындағы Безанн қаласында жүзеге асырылды. Шамамен 800 шаршы метр ауданы бар үш қабатты үй әлеуметтік тұрғын үй ретінде жоспарланған және Францияда осы технологиямен толығымен басылған алғашқы көппәтерлі ғимарат болды.
Құрылыс алаңында COBOD BOD2 3D-принтері арнайы цемент қоспасын қабат-қабат басып, жүк көтергіш құрылымдар мен қабырғаларды жасады. Процесті тек үш оператор бақылады.
Бастапқыда құрылысты 50 жұмыс күнінде аяқтау жоспарланған еді, бірақ ғимараттың қаңқасын 34 күнде басып шығару мүмкін болды. Әзірлеушілердің айтуынша, бүкіл жоба дәстүрлі әдіспен салынған көршілес ұқсас үйге қарағанда шамамен үш айға жылдам болды.
Бұған дейін «Курсив» Нью-Йорктегі Pfizer мұнарасы жаңа 11 қабатқа шыдамай, қирай бастағанын жазған болатын.
