Фото: kazakh inform
Германияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық блогер @simaa_k желіде азық-түлік бағасын салыстырған видеосын жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір өнімдер Германиядан екі есеге дейін қымбат, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
«Қазақстанда жүргенде байқамайсың, бірақ Германиядағы бағамен салыстырғанда шок болдым», – дейді ол. Блогер барлық өнімдерді граммға дейін өлшеп, ал Қазақстандағы бағаларды онлайн дүкендер арқылы нақтылаған.
Авокадодан басталған айырмашылық бірден көзге түскен:
- 01Германияда 500 грамм — 2,19 еуро,
- 02Қазақстанда — 6,10 еуро.«Сондықтан бала күнімде авокадо жемеген екенмін» деп қалжыңдады ол.
Сүт (3,5%) бағасы да қатты ерекшеленеді:
- 01Германияда — 1 еуро,
- 02Қазақстанда — 1,44 еуро.
Осылайша черри қызанақ, «светофор» бұрышы, крем-ірімшік, рибай стейк, нан, жұмыртқа, тәтті тоқаштар, шампиньон, тіпті қарапайым сарымсаққа дейін Германияда арзан болып шыққан.
Блогер әсіресе 33%-дық қаймақтың бағасына тоқталды:
«Германияда — 0,99 еуро, Қазақстанда — 2,5 еуро. «Тәтті пісіретіндер үшін бұл – нағыз қасірет», – дейді ол.»
—
Сонымен бірге лимон мен рукколаның бағасы екі елде де шамалас екен.
Бойжеткен таңдаған азық-түлік себеті Германияда 36 еуро, ал Қазақстанда 46 еуро болып шыққан.
Блогердің бұл видеосы желіде үлкен талқылау тудырып, қазақстандықтардың наразылыққа толы пікірлерін жинап жатыр.