Лондон «пісіп жатыр», деп мәлімдеді Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Лондондағы Климаттық апталықта сөйлеген сөзінде Чарльз Диккенстің «Екі қаланың әңгімесі» романына сілтеме жасады. Қала қатты ыстық толқынынан зардап шегіп жатыр.

Сейсенбіде өткен іс-шарада Гутерриш: «Дағдарыс айқындық әкеледі, міне, Лондонда – Диккенс қаласында – біздің әлем «екі дағдарыстың әңгімесіне» тап болғаны анық. Климаттық дағдарыс бізді жоғары температураға және апатты шекті нүктелерге жақындатып жатыр, ал энергетикалық дағдарыс көмірсутектерге тәуелді әлемнің ақымақтығын әшкерелейді. Сырттай қарағанда, бұл дағдарыстар бөлек болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың ортақ жойқын көзі бар: қазба отындары», – деді.

«Лондон тек шақырып қана қоймайды, ол пісіп жатыр», – деп қосты БҰҰ басшысы.

Ұлыбританияда температура 38°C жетеді деп болжануда, ал Францияда рекордтар басталғаннан бергі ең ыстық түн тіркелді. Еуропадағы ыстық толқыны өз жалғасын табуда.