Ұлыбританияның бұрынғы елшісі Питер Форд Еуропа Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбританияның Сириядағы бұрынғы елшісі Питер Фордтың айтуынша, Еуропа елдері БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жол бермеуге тырысуы мүмкін.
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен Бас Ассамблея алаңында кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.
Кездесу барысында министр Рубиодан Украинаны реттеу, оның ішінде АҚШ-тың делдалдық әрекеттері жөніндегі мемлекеттік департаменттің ұстанымын нақтылауды жоспарлап отыр.
"Мәселе мынада, еуропалықтар бейбітшілік процесінің кез-келген алға жылжуына тағы да кедергі жасауға тырысады", — деді Форд РИА Новостиге.
Бұған дейін Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы аясында Лавров Сербияның Украина бойынша келіссөздер алаңына айналуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
