Еуроодақ маусым айында жаңа несие бойынша Украинаға 9,1 миллиард еуро беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалық Комиссияның өкілі Балаш Уйваридің айтуынша, бөлінген қаражаттан 5,9 миллиард еуро әскери шығындарға, ал 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады.

«Біз 9,1 миллиард еуро туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл ақша осы айда Украинаға жетеді. Оның бір бөлігі қорғаныс қажеттіліктеріне (5,9 миллиард еуро) және 3,2 миллиард еуросы бюджетті қолдауға жұмсалады», - деді ол тілшілерге.

Уйваридің айтуынша, алғашқы транзакциялар айдың екінші жартысында басталады.

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу келісімге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын хабарлады.