Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Еуропалық Одақтың Украинадағы соғысты қолдау арқылы үлкен стратегиялық қателік жасап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фицо «Сенбілік диалогтар» бағдарламасында сөйлеген сөзінде: «Еуропалық Одақтың қазіргі уақытта Украинадағы соғысты қолдап жатқаны - үлкен стратегиялық қателік», - деді.

Ол Украинадағы қақтығысты әскери жолмен шешу мүмкін емес екенін және Еуропада бейбітшілік Ресейсіз мүмкін емес екенін айтты.

Фицо бұған дейін Словакияның «Еріктілер коалициясына» қосылуы мемлекеттің бейбітшілікке негізделген саясатына қайшы келетінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Словакия Украинаға әскери немесе қаржылық көмек көрсетпейді, тек гуманитарлық қолдау ғана ұсынады.