Еуропалық одақ Украинаға берілген кредиттердің пайызын төлеу үшін 2028-2034 жылдарға арналған бюджет аясында кемінде 35 млрд еуро табуы керек. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Politico газеті жазды. Еурокомиссияның одаққа мүше елдерге жолдаған құжатында: "2028-2034 жылдары Украина кредиттерінің пайызын төлеуге 35 млрд еуро қажет. Ал пайыздық мөлшерлеме 1%-ға өссе, бұл сома 41,9 млрд еуроға дейін ұлғаяды", – делінген.
Құжатқа сәйкес, бұл шығындарды жабу көзін әлі анықтау қажет. ЕО елдерінің көшбасшылары 26-27 қарашада өтетін саммитте одақтың бюджетін талқылайды.
Басылымның мәліметінше, Украина кредиттерінің пайызын төлеу мәселесін талқылау қиынға соғуы мүмкін. Себебі Венгрия, Чехия, Словакия және Болгария Киевке болашақта берілетін кредиттердің пайызын төлеуге қатысқысы келмейді.
Еурокомиссия 2014 жылдан бері Украинаға 171 млрд еуро көлемінде кредит берген. Еуропа көшбасшылары одақтың 2028-2034 жылдарға арналған жетіжылдық бюджетін келісуді жалғастырып жатыр.
Брюссель келіссөздерді осы жылдың соңына дейін аяқтауға ұмтылып жатыр. Өйткені 2027 жылы ЕО-ның бірқатар елінде өтетін сайлау науқандары ортақ келісімге келуді одан әрі қиындатуы мүмкін.
