Еуропалық Одақ Украина келіссөздеріне Ресейге қарсы біріккен Батыс және Украина делегациясының құрамында қатысқысы келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас Еуропа Украинаны қолдайтындықтан, Мәскеу мен Киев арасында бейтарап делдал болмайтынын мәлімдеген болатын.
"Сондықтан ол Еуропаның Ресейге қарсы біріккен Батыс және Украина делегациясының құрамында келіссөздер үстеліне отыруға тырысып жатқанын мойындады", - деп жазды Захарова сыртқы істер министрлігінің сайтындағы түсініктемесінде.
