Брюссельде өтіп жатқан саммиттің екінші күнінде Еуропалық одақ басшылары Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы мәселесін талқыламақ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің қатысуымен өтетін келіссөздер алдында мәлімдеді. "Біз сіздердің 2026 жылға ғана емес, келесі 2027 жылға арналған қаржылық, бюджеттік және әскери қажеттіліктеріңізді де талқылаймыз", - деді фон дер Ляйен Зеленскийге қарата айтқан сөзінде. Еурокомиссия мен Еуропалық кеңес басшылары Владимир Зеленскиймен бірге БАҚ алдына шықты.

Осылайша, олар АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі соңғы әрекеттері аясында Киевті қолдайтынын көрсетті. Бұған дейін Еурокомиссияның экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис Украинаның 2027 жылға арналған қаржы қажеттілігі Еуроодақ қарастырған 45 млрд еуродан асып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Брюссель қосымша қаражатты халықаралық серіктестерден іздеп жатыр. Бұл мәселе "Үлкен жетілік" (G7) елдерімен және Халықаралық валюта қорымен жүргізіліп жатқан консультациялар аясында да қарастырылуда.

Сонымен қатар Еуроодақ Украинаға 2026-2027 жылдарға арналған 90 млрд еуро көлеміндегі кредит беруді мақұлдаған. Оның 60 млрд еуросы әскери қажеттіліктерге, ал 30 млрд еуросы бюджетті қолдауға бағытталады. Алайда Еуроодақ елдері бұл қаржыландыру көлемін одан әрі арттырғысы келмейді.