Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға Ресей, Армения, Қазақстан және Қырғызстанның үкімет басшылары, сондай-ақ ЕАЭО бақылаушы мемлекеттері Иран, Куба және Өзбекстан өкілдері қатысып жатыр.
