Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Армения және Қырғызстан үкімет басшылары қатысуда. 7 тамызда тараптар ЕАЭО-ға бақылаушы елдер – Иран, Куба және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген құрамдағы отырыс өткізеді.
Жоспар бойынша отырысқа қатысушылар үш келісімге қол қояды. Олар ЕАЭО-дағы электронды сауда туралы, Одақтағы биржалық саудаға брокерлер мен дилерлерді жіберу туралы және бірлестікке мүше мемлекеттерде ғалымдардың ғылыми атақтарын өзара тану туралы келісімдер.
