Қазақстандық «Еуразия24» медиажобасы «Еуразия» халықаралық сыйлығының «Еуразия дауысы» номинациясында екінші орын иеленді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Еуразия елдерінің көзқарасы тұрғысынан халықаралық саясаттағы оқиғаларды жариялап, аудиторияны әлемдегі маңызды жаңалықтардан хабардар етеді.

20 ай ішінде жобаның YouTube арнасы 275 мыңнан астам жазылушы жинап, бейнероликтері 16,4 миллион рет қаралған.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның тағы бір жобасы – ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «Тамшылар» жүйесі «Жүрек қалауымен» номинациясында екінші орын алған болатын. Жоба 13 жыл ішінде 4 792 балаға қолдау көрсетіп, 115 200 сағаттан астам терапия ұйымдастырған.

«Еуразия» халықаралық сыйлығы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға 73 елден 5 мыңнан астам өтінім түскен. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 17 миллион рубльді құрайды.